Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Теңізде медициналық қызметкерлерді вакциналау жалғасуда

ТШО-ның COVID-19-ға қарсы әрекет ету тобы мен кеніштегі барлық медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау үшін, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәсіпорынның вакциналарды алуға қолдау көрсету туралы хатына жауап ретінде  ) тағы да  210 Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын берді, деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау ТШО үшін басты міндет болып қала бермек, қазіргі таңда ТШО-ның 90-тен астам қызметкері вакцина алды. Сонымен қатар, компания Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын компанияның және  мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлеріне сатып алу мүмкіндігінқарастыруда. Осы ретте, ТШО өз қызметкерлері арасында және жалпы Атырау облысында COVID-19-дың одан әрі таралауына жол бермеуге бағытталған ерікті вакциналау бағдарламасы үшін вакциналарды сатып алуға қатысты Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау күтеді.
«Вакциналаудың негізгі мақсаты – Теңіздегі жұмысшылар арасында ұжымдықиммунитетқалыптастыру. Бүкіл әлем коронавируспен күрестегі жалғыз қару вакцина екенін түсінді, сондықтан бәріңізді екпе алуға шақырамын», -дейді ТШО клиникасының медициналық директоры Абдулла Юсупбеков.

Вакциналау — COVID-19-дан қорғанудың маңызды құралы және ТШО қызметін қауіпсіз жалғастырудың кепілі, және де бұл осы аймақ пен Қазақстан Республикасының (ҚР) экономикасына елеулі үлесін қосады.

Қазіргі уақытта компания өз қызметін ҚР-ның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай жүзеге асыруда және де мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қолдануда.   ТШО үшін аймаққа, сонымен қатар бүкіл Қазақстанға әрі қарай пайдалы болу үшін үздіксіз өндірісті жалғастыру және Келешек кеңею жобасының — Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) алға басуын қамтамасыз ету өте маңызды.

Руслан Жалғазин, ТШО өрт және апатты тойтару қызметінің медициналық үйлестірушісі: «Мен үнемі медицина жаңалықтарын бақылап отырамын және жалпы вакциналар, соның ішінде Sputnik V вакцинасының қалай әзірленетінін көрдім. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, Sputnik V вакцинасы ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Вакциналаусыз біздің өміріміз әлдеқайда қиын болар еді. Сондықтан мен аталған вакцинаның екі компонентін алдым және өзімді жақсы сезінудемін».
 
 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button