![Теңіз кен орнының инфекциялық стационарында коронавируспен емделіп жатқан науқас жоқ 1 b15f23c7 d794 442a 86f5 656e0811ceff](https://atr.kz/wp-content/uploads/2021/12/b15f23c7-d794-442a-86f5-656e0811ceff.jpeg)
Теңіз кен орнының инфекциялық стационарында коронавируспен емделіп жатқан науқас жоқ
Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Атап айтқанда, Атырау қаласында 2, Теңіз кен орнында — 1, Құрманғазы ауданында 2 адамнан анықталған.
Екі науқаста ауру тиісті белгілермен, ал үш адамда ауру белгілерсіз өтуде. Соңғы тәулікте коронавирустық инфекциядан 5 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта облыс бойынша үйде 80, модульдік ауруханада — 57 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда — 13. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған бірде бір пациент жоқ.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы — «жасыл» аймақта.