СОVID – 19: Атырау облысы коронавирус жағдайының кез келген ахуалына дайын

31888b3d d6c0 4631 95ce f80b86182321 COVID-19: Соңғы поштадан...

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикер атап өткендей, Атырау облысы COVID-19 инфекциясы бойынша үшінші аптадан бері «жасыл» аймақта.

  • «Дегенмен, босаңсуға болмайды. Инфекцияның қауіптілігі сонша, ол науқасты өте ауыр жағдайға түсіреді.

Және  адам кез-келген уақытта өмірден өтіп кетуі де мүмкін.

Өңірдегі жағдай облыс басшылығының қатаң бақылауында.

Атырау облысында жұқпалы аурулар ауруханасында төсек-орындар жеткілікті, дәрі-дәрмек қоры бар, облыс коронавирусқа қатысты жағдайдың кез келген дамуына дайын», – деді Бақытгүл Хаменова.

Спикер сонымен қатар, пандемия басталғалы Атырау облысында 51 975 адам коронавирус жұқтырғанын, оның 51 088-і вирусты жеңгенін айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз