COVID-19: Соңғы поштадан...
Соңғы тәулікте 19 атыраулық КВИ жұқтырды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 22 тамыздағы жағдай бойынша соңғы тәулікте COVID-19 індетін 19 адам жұқтырған.
Инфекциялық стационарларда 36 науқас ем алып жатыр. Тағы 1239 адам үй жағдайында емделуде. Covid-19-ға қарсы вакциналардың I компонентімен 274875 және II компонентімен 260616 адам егілсе, 110538-і қайта вакцинацияланған. Соның ішінде, «Pfizer» екпесінің І компонентімен 18662, ІІ компонентімен 16371 тұрғын егіліп, 38308-і ревакцинациядан және 6689-ы қайта ревакцинациядан өткен.
Аман ШАМАР