«Қызыл аймақ»: Атырауда бір тәулікте 75 адам коронавирус жұқтырды
502 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 51 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 6 науқастан анықталды.
Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 10 адам, Индер ауданында — 1, Исатай ауданында — 3, Құрманғазы ауданында — 4 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 40 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 59 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта үй жағдайында 535
адам, модульдік ауруханада — 153, екінші облыстық ауруханада – 128, фтизиопульмонология орталықта – 44, аудандық инфекциялық стационарларда — 127 адам ем алуда. Сондай-ақ, Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында-58 науқас ем қабылдауда.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.