Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Қазақстандықтардың үрейін ұшырған видеоға түсінік берілді

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар «Дүниежүзілік дәрігерлер альянсы» түсірген жаңа вирустық роликті талқылауда. Видео авторларының мәлімдеуінше, әлемде пандемия жоқ және Sars-CoV-2 қарсы вакцина адамның ДНҚ өзгертіп, бізді «химераға» айналдырады. Осының барлығы – фейк.

«Дүниежүзілік дәрігерлер альянсы» – биыл құрылған ұйым. Оған түрлі елдердің білікті медицина қызметкерлері кіреді. Жалған ақпарат таратқаны үшін ұйым жетекшілерінің бірі доктор Мұхамед Адильдің лицензиясы қайтарылды. Бірақ ұйымның сайтында бұл туралы жазылмаған. Ұйымның кейбір мүшелері дәрігерлер емес, бірақ хиропрактик дәрігерлер дәрежесіне ие. Бұл ғылыми дәреже емес және инвазивті операциялар жүргізуге, дәрі-дәрмектер тағайындауға құқық бермейді.

Бұл одақ мүшелері түсірген алғашқы бейне емес. Осы жылдың қазан айында желіде жарияланған видеода олар пандемия жоқ, ал COVID-19 қарапайым тұмау деп мәлімдеген болатын. Бұл – жалған, себебі, тұмау мен КВИ-ді әртүрлі вирустардан туындайды. Оларды жұқтыру жолдары және өлім-жітім көрсеткіштері әртүрлі. Сондай-ақ, аурулардың инкубациялық кезеңдері мен диагностикалау әдістері де өзгеше. 

Әлемде COVID-19 пандемиясының жоқ екендігі туралы мәлімдемелер толығымен негізсіз. ДДСҰ осы жылдың наурыз айында ресми түрде пандемия жариялады. Ол кезде 114 мемлекетте ауруды жұқтырудың 118 мыңнан астам жағдайы тіркеліп, 4 291 адам қайтыс болған еді.
Бұл видеоны тәуелсіз фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарған.
Бұған қарамастан, Альянс жариялаған жаңа видеода бір ғана жаңа тезис айтылып, қалғаны қайталанған. Енді видеода КВИ вакцинасы қауіпті және адамның ДНҚ өзгерте алады, адамдарды химераға айналдырады. Бұл толығымен ғылымға қайшы.

214 кандидаттық вакцинаның кейбірінде қолданылатын матрицалық РНҚ ДНҚ-ны өзгерте алмайды. Өйткені, ДНҚ жасуша ядросында болады және ядролық қабықпен қорғалады. мРНҚ бөлшектері жасуша мембранасы арқылы цитоплазмаға, яғни жасушаны толтыратын сұйықтыққа ене алады. Мұндай бөлшектер ядроға ене алмайды. (https://studme.org/103832/meditsina/stroenie_kletki)
Матрицалық РНҚ-да вирустық ақуыз бар, ол адамға жұқпайды, өйткені ол толық вирус емес, бірақ жасушаны иммундық реакция жасауға «үйрету» үшін жеткілікті. Осындай «жаттығудан» кейін, нақты вирус ағзаға енген жағдайда, иммундық жүйе «жауды» танып, жеңе алады.

Дәрігерлер альянсы мүшелерінің вакциналардың қауіпсіздігі расталған жоқ деген пікірлері манипуляция болып табылады. Барлық кандидат-вакциналар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірін жанама әсерлердің жоқтығын тексеру үшін клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өтуі керек. Бүгінгі таңда Pfizer/BioNTech тестілеудің соңғы кезеңдерінде оң нәтижелер көрсеткен алғашқы вакцина. Ол сынақтарда барлық топтар үшін, соның ішінде қарт адамдар үшін 95% тиімді болып шықты.

Қорыта айтқанда, Дүниежүзілік дәрігерлер альянсының мәлімдемелері – манипуляция және ойдан шығарылған. Тәуелсіз сарапшылар мен беделді дәрігерлер бұл мәлімдемелерді бірнеше рет жоққа шығарған болатын.

«stopfake.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button