Қазақстанда қайта вакцинациялау қарашаның үшінші онкүндігінде басталады

whatsapp image 2021 10 13 at 17.29.50 COVID-19: Соңғы поштадан...

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакциналау кезінде кімге қандай вакцинаны егуге болатынын түсіндірді:

-векторлық (Спутник) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады;
-инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналарын салдырғандарға алты айдан кейін векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады;
-м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын алғандар алты айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинасын қайта салдыра алады;
-вакциналау курсы аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырғандар жазылғаннан кейін үш айдан соң қайта вакциналаудан өтеді.  

Ревакцинация үшін вакцинаның 1 ғана дозасы пайдаланылады.  Бірінші вакцинаның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң қосымша дозаны алуға болады

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз