Қазақстанда омикрон штамы анықталған жоқ – Цой

photo 90931 COVID-19: Соңғы поштадан...

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда ПТР-скринингтен кейін омикрон-штамм анықталмағанын мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде коронавирус инфекциясы штамдарының айналымдағы нұсқаларына мониторинг жүргізіп жатыр. Мәселен, коронавирустың жаңа нұсқасы – омикрон штамының пайда болуын ескере отырып, Алматыда «омикрон» коронавирус штамының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР-скрининг жүргізілді. «Омикрон» коронавирус штамы нұсқасының айналымы анықталған жоқ», – деді Цой Үкімет отырысында.

Министр Қазақстанның барлық өңірінде іріктелген оң сынамалар үлгілерінің толық геномдық жүйелілігі жалғасып жатқанын айтты.

Tengrinews.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз