
ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА АТЫРАУЛЫҚТАРҒА КОРПОРАТИВ ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ?
Егер өңір «жасыл» аймақта болса, онда мерекелік және корпоративтік іс-шаралар өткізуге тыйым салынбайды. Бұл туралы брифинг барысында айтылды, — деп хабарлайды atr.kz
Атыраулықтар мейрамханалардағы жаңа жылдық корпоративтердің күнін белгілеп, орындарға ертерек тапсырыс беруде. Қандай жағдайда корпоративтік кештер өтеді? Бұл — облыс тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі.
Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева 10 желтоқсанда күшіне енетін шектеулер туралы түсіндірді.
Қаулы бойынша Атырауда коронавирусқа байланысты жаңа жылдық корпоративтерге толық тыйым жоқ.
«Егер облысымыз » жасыл » аймақта болса, онда мерекелік және корпоративтік іс-шараларды өткізуге тыйым салынбайды. Банкеттерге «жасыл» мәртебесі бар келушілер ғана қатыса алатыны және
қонақтар саны 100 адамнан аспауы туралы айтылған», — деді Әлия Бекешева.