Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Пандемияда көз жұмған полицейдің отбасына медаль тапсырылды

 Атырау облысы ПД бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев  короновирус инфекциясынан қайтыс болған полицей Анарбек Сариевтің отбасына барды.


ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сай «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальін А.Сариевтің  жұбайы Мира Есқалиеваға табыстады.


Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев қаза тапқан полицейдің отбасы жәйін сұрап, мерекемен құттықтап ескерткіш сыйлықтар мен гүл шоқтарын тарту етті.


Анарбек Сариевтің артында үш перзенті қалды, кенжесі жеті айлық нәресте.


Айта кетсек, биыл әлемді жайлаған короновирус инфекциясына байланысты енгізілген төтенше жағдай, карантиндік шектеу кезінде қоғамдық орындарда, провизорлық орталықтар мен блок-бекеттердегі тәртіп пен тұрақтылықты қорғауда денсаулықтарына төнген қауіпке қарамастан өз міндеттерін абыроймен атқарды. ҚР Президенті Жарлығымен еңбегі еленген 25 полицей «Халық алғысы» медалімен марапатталған болатын.

img 20201216 wa0141 1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button