Өткен тәулікте Атырауда 54 адамнан коронавирус анықталды
Атырау облысының эпидемиологиялық-санитариялық бақылау департаментінің 9 қаңтар күнгі мәліметі бойынша, өңірде 54 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 20-сы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 25 жұмысшыдан, Жылыой -4, Индер-1, Қызылқоға -1, Құрманғазы ауданында 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 23-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 47 науқас емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 229 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 101
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 31, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 814 адам ем қабылдауда.