0 7

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУДА 38 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар
9 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 38 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 20 жұмысшыдан,  Қызылқоға-1, Мақат-1, Махамбет-1, Исатай ауданында 1  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 17-інде  ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 27 адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 163 адам үй жағдайында емделуде. 
Облыстық инфекциялық стационарда  76
 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 22, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 241 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.
Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты  бүгін, сегізінші күні – Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған