Өткен тәулікте Атырауда 133 адамнан коронавирус анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 133 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 38-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен скринингтік тексеріс кезінде 71 жұмысшыдан, Жылыой-5, Қызылқоға -2, Индер-6, Мақат -3, Құрманғазы ауданында 8 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 36-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 25 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 330 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 119 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 22, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 516 адам ем қабылдауда.
Қазіргі уақытта облыс бойынша жасақталған 1225 орындық инфекциялық стационардың 53,6 пайызында науқастар ем алуда.