Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Мектептердегі дезинфекциялық құралдар химиялық күйік тудырмайды

Қазақстандық ата-аналар желіде тараған хабарламаға алаңдаушылық танытуда. Видеода бірнеше әйел What’sApp-та хат алмасқан экран көрсетілген. Олар мектепке барған соң балаларға қатты жөтел пайда болғанын жазған. Ролик авторының пайымдауынша, бұған жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күйік шалуы себеп болған.

Бұл теорияның неге бұрыс екенін айтып берейік.

skrinshot 1024x642 1

Біріншіден, Қазақстанда мектептерді, ауруханаларды, адамдар көп жиналатын орындарды және өзге де орындарды дезинфекциялау үшін уытты және денсаулыққа қауіпті заттар пайдаланылмайды. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бірнеше рет мәлім еткен болатын.

Елімізде қолданылатын барлық құралдар сертификатталған, тізілімге енгізілген және санитарлық өңдеуге арналған ерітінділерді дайындау пропорциялары көрсетілген нақты нұсқаулары бар.

Екіншіден, тыныс алу жолдарының күйіп қалу белгілері құрғақ жөтелге қарағанда әлдеқайда ауыр. Жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күйігі, әдетте, обструкцияға әкелетін тез ісінумен қатар жүреді. Бұл ретте зардап шеккендер жедел кеңірдек интубациясына мұқтаж болады. Сондай-ақ, еріннің күлбіреуі, мұрын мен беттегі түктің күюі де тыныс алу жолдарын химиялық күйік шалудың белгілері болуы мүмкін. Төменгі тыныс алу жолдарын күйік шалса, бірден тыныс алу жеткіліксіздігі, жөтел және қанмен түкіру сияқты белгілер пайда болады болады. Сонымен қатар, иіс тиіп немесе басқа газдан уланудың алғашқы белгілері байқалады.

Үшіншіден, видеода әйелдердің бірі ұлында «химиялық күйік» белгілерін жеңілдеткен «Зодак» препаратын атап өтеді. Шын мәнінде, бұл препарат химиялық немесе термиялық күйіктері бар науқастардың ауырсынуын жеңілдете алмайды. Ол антигистаминдер тобына жатады және аллергиялық ринит, конъюнктивит және идиопатиялық есекжем белгілерін тоқтату үшін қолданылады.

«stopfake.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button