Маскалар COVID-19 қайта жұқтыруға ықпал ете ме?
Қазнет қолданушылары медициналық маскаларды тағу коронавирустық инфекцияны қайта жұқтыруға ықпал ететіні туралы ақпаратты талқылауда. Шын мәнінде, бұл теорияның ғылыми дәлелі жоқ.
Медициналық маскаларды кию COVID-19 инфекциясын немесе басқа ауруларды тудырмайды. «Реинфекция» теориясын статистика да жоққа шығарады. ДДСҰ КВИ-ді осы жылдың 11 наурызында пандемия деп жариялады. Сол кезде елдер медициналық масканы міндетті түрде тағу кірген карантиндік шектеулерді енгізе бастады.
Ғалымдар COVID-19 қайта жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығармайды, бірақ әзірге әлемде мұндай жағдайлар «өте сирек» тіркелуде. Біріншісі осы жылдың маусым айында, пандемия басталғаннан кейін бірнеше ай өткен соң анықталды.
Қазақстанда індетті қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы 4 қарашада тіркелді.
ДДСҰ және АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша, COVID-19 реинфекциялау механизмдері және осы аурудан кейін пайда болатын иммунитетті әлі де зерттеуде.
Медициналық маскаларды тағу ауруды қайта жұқтыру қаупін тудырмайды деуге болады. Бұл статистикамен расталады – әлем бойынша індетті жұқтырған 54 973 013 адамның ішінде 10-ы ғана коронавирустық инфекцияны қайта жұқтырған.
«stopfake.kz»