Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Коронавирустан иммунитетті қалай қорғау керек?

«Астана медицина университеті» Спорттық медицина орталығының жетекшісі Берік Саттықлышев коронавирус инфекциясының алдын алу мәселелеріне қатысты халықтық медицинаға қатысты ойымен бөлісті.

«Өзім дәрігер ретінде «иммунитет« сөзін сәл өзгешелеу түсінемін. Өйткені, иммунитет жоқ кезде оның нақты белгілері байқалады. Тіпті, адам ауырған күннің өзінде де иммунитет барлық уақытта қалыпты деңгейде болады. Біз соның арқасында аурудан айығамыз. Иммунитетті емес белгілі бір мүшені нығайту әдістері бар.

Ең маңыздысы барлық адамдар жүрек-қан тамыры жүйесін түбегейлі нығайтып, шынықтырып отырулары қажет. Дәл осы жүйе бірінші кезекте өмір сапасын қамтамасыз етіп отырады. Ол физикалық жүктемелер есебінен шынығады. Ал азық-түлікке, оның ішінде сарымсаққа қатысты айтар болсам, бұл — өсімдік фитонциді. Сарымсақты белгілі бір мөлшерде тұтыну қажет екендігі түсінікті. Алайда, ол адамның қорғанысын түбегейлі жақсартады деуге болмайды. Мүмкін емес те. Оның үстіне адамдардың кейбір санатына сарымсақ жақпай жататыны да бар. Жалпы, ғылыми медицина өкілі болғандықтан халықтық ем-дом шараларына қатысты пікір білдіре алмаймын», — деді Берік Саттықлышев.

Спорттық медицина орталығының жетекшісі ауру жұқтырып алу болжалды мәселе екендігіне айтады.

«Егер адамда ауру белгілері байқалмаса, онда бұл оның коронавирус инфекциясын жұқтырмағандығын білдірмейді. Бұл адамның денсаулығы қаншалықты мықты болса да коронавирустың жұғуына әсер ете алмайтындығын білдіретін факті деген дұрыстау сияқты. Мәселе сол ағзаның коронавируспен бетпе-бет келген кезінде өзін қалай ұстауы төңірегінде болып тұр. Денсаулығын жіті қадағалап, спортпен тұрақты айналысатын, саламатты өмір сүру салтын ұстанатын адамдар коронавирус инфекциясын жеңіл жеткізеді», — деді ол.

Оның атап өтуінше, спортпен тұрақты айналысатын адамдардың жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелері өте жақсы шыныққан.

«Қарапайым тілмен айтар болсақ, мұндай адамдар жақсы тыныс алады, тыныс алу жүйелері жаттыққан. Дегенмен, ағзаға түскен вирустың саны көп болатын болса, онда дені сау адамның өзі коронавирус инфекциясын басынан барынша ауыр өткізеді», — деп түйіндеді сөзін Берік Саттықлышев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button