COVID-19: Соңғы поштадан...
Коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін балаға медициналық бақылау жасалады
«Медициналық бақылау вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы 30 минутта жүргізіледі» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Медициналық бақылау егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы 3 күн бойы жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тіркелген тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргізіледі» делінген Денсаулық сақтау министрлігі жолдаған хабарламада.
Өндіруші ұсынған ақпаратқа сәйкес, кейбір егілушілерге «Комирнати» вакцинасы салынғаннан кейін,
инъекция орнының ісінуі, шаршағыштық, жүрек айну жағдайлары кездесуі мүмкін.