
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Коронавирус: Атырауда «Байзар» сауда орталығында вакцинациялау орталығы ашылды
«Екпе пункті сауда орталығының бірінші қабатында орналасқан, сағат 10.00 — 21.00 аралығында қызмет етеді» деп хабарлайды Atr.kz
Екпе пунктінде екі дәрігер, бір медбике жұмыс істеп жатыр.
Пункт үш аймақтан тұрады.
» Медициналық қарау зонасы, вакцинациялау және демалыс зонасы. Тұрғындар вакцинаның бірінші компонентін қай мекен — жайдағы емханаға тіркелгеніне қарамастан, ала алады» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.
Еске сала кетелік, кеше Атырауға қазақстандық вакцинаның 2000 дозасы жеткізілген еді.
Баян Жанұзақова