COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина
Индер ауданында оттегі станциясы іске қосылды
«Атырау облысы бойынша сегізінші оттегі станциясы Индер аудандық ауруханасында пайдалануға берілді» деп хабарлайды Atr.kz
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұған дейін өңірде 7 медициналық ұйымда орталықтандырылған оттегі станциясы жұмыс істеуде. Олар облыстық перинаталдық орталық, облыстық кардиологиялық орталық, облыстық аурухана, Атырау қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, №2 облыстық аурухана, Құрманғазы және Қызылқоға аудандық ауруханаларында орналасқан.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы тағы бір медициналық ұйымда — Құлсары қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасында оттегі станциясын орнату жоспарлануда.