Диетологтар постковид синдромы кезінде қандай тамақтан бас тарту керегін айтты

photo COVID-19: Соңғы поштадан...

Постковид синдромы кезінде тамақ рационында қабыну тудыратын тағамдар болмау керек. Бұл туралы Самара диетотерапия және диетология ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы гастроэнтеролог, терапевт Никита Харлов айтты.

«Постковид синдромы – ағза қабыну белсенділігінің жоғарылауы. Гипертония, атеросклероз, қатерлі ісік және дәнекер тіндердің қабынуы секілді жас ерекшелігіне байланысты пайда болатын ауруларда қабынуға қарсы диета тиімді», – деп түсіндірді Самара диетология және диетотерапия ғылыми-зерттеу институтының директоры Михаил Гинзбург.

Дәрігер постковид синдромы кезінде бас тарту керек өнімдер тізімін айтты. «Мүмкіндігінше, қант пен жоғары гликемиялық индексі бар тағамдарды, яғни еленген ұн, картоп, күріштен жасалған өнімдерді алып тастау қажет. Сондай-ақ, пальма, күнбағыс, жүгері, соя майы, маргарин, қызыл ет және одан жасалған өнімдер, шұжықтар, ұсақ шұжықтар, терең өңделген өнімдерді тұтынбау керек», – деді Гинзбург.

Диетологтың айтуынша, май қышқылдарына бай тағамдарды ас мәзіріне қосу қажет. «Омега-3» пен май қышқылдарына бай өнімдерге майлы теңіз балығы, зығыр және зәйтүн майы («Омега-9») жатады.

«Тамақ рационына көкөністер, жидектер, шөптер, тым тәтті емес жемістер, қышқыл сүт тағамдары, қантсыз және күрделі көмірсуға бай – қарақұмық, сұлы, кебек нан қосылуы керек», – деді Гинзбург. Никита Харловтың айтуынша, қабынуға қарсы диета жүйке жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

«Постковид синдромы жүйке жүйесі деңгейінде пайда болады және жүйке жүйесін оңалтуға ден қойған дұрыс. Қанда бос көмірсулар аз болған сайын ми соғұрлым қорғаныс режиміне өтеді», – деп түсіндірді ол.

Tengrinews.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз