img 20190411 200305 166

Дер кездегі демеу

COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Төтенше жағдайға орай кіші, орта және ірі кәсіпкерлік субьектілерінің жұмысшыларына да мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде.

Карантинге байланысты уақытша табысынан айырылған жандарға әлеуметтік төлем дер кезде тағайындалып отыр. Оған жеке кәсіпкерлермен қатар өзін өзі жұмыспен қамтығандар да кіреді.

Бұл осынау сын шақта көптеген азаматтарға үлкен медеу болды. Мемлекет ұсынған телеграмм-ботт қосымшасы арқылы өтінім жолдадым. Бірнеше күннен кейін хабарлама арқылы жауабы келді. Бұл игі іске бастамашыл болған мемлекет басшысы мен Үкіметке үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Қандай сынақ болмасын, өтеді де, кетеді. Бітпейтін эпидемия болмайды. Көп ұзамай бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз. Ең бастысы, жігеріміз мұқалмасын, алдағы жарқын күндерге деген сенім сөнбесін.

Арухан ЖАПАЛОВА,

жеке кәсіпкер

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған