COVID-19: Тұмау коронавирусқа қалай әсер етеді?
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Мәдеева тұмау тарайтын маусым жақындаған сайын COVID-19-дың да белсенділігі байқалып жатыр деген пікір білдірді.
Бүгінде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15876 жағдайы тіркелген. Оның 9583-інде ауру белгілері болса, 6293-і симптомсыз болып шықты. Ж.Мадееваның айтуынша, ауру жұқтырып, сырқаттанудың ең жоғарғы көрсеткіші 2020 жылдың шілде айында болды. Шілдеде реанимация бөлімшелеріндегі пациенттердің үлес салмағы 4% болды (стационардағы 1691 пациенттің 65-і), бұл қазіргі кезбен салыстырғанда 3 есе аз.
«Бұл факт аурудың агрессивті бола бастағанын көрсетеді. Жағдай аз уақыттың ішінде қиындап кетуі ықтимал. Бұл коронавирус инфекциясының басқа суықтан болатын аурулармен бірге жүруімен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдай диагнозды растау үшін науқастардың медициналық ұйымдарға кеш келуіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тағы да еске салғым келеді. Аурудың алғашқы белгілері кезінде өзін — өзі оқшаулау бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдап, аумақтық емханаға хабарласып, дәрігерді шақыру қажет», — деді ол.
«coronavirus2020.kz»