
COVID-19 індетіне қарсы «Комирнати» екпесі салынады
Бұл туралы www.comirnatyeducation.kz ресми парақашасында жазылды
Комирнати вакцинасының нұсқаулығында, «SARS-CoV-2 вирусы туындатқан COVID-19 ауруының алдын алу мақсатында 12 жастағы және одан үлкен тұлғаларды белсенді иммунизациялау үшін көрсетілген», — делінген.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» № 46 қаулысына сәйкес КВИ-ге қарсы АҚШ-тың «Pfizer» компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасымен иммундау жүргізіледі» деп ресми мәлімделген.
«Комирнати» – бұл коронавирус инфекциясына қарсы вакцина, құрамында иммундық қорғаныс түзетін вирус жоқ, КВИ тудырмайды. Вакцина ағзаның иммундық жүйесін вирусқа қарсы антиденелер шығаруға мәжбүр етеді, осылайша денені COVID-19-дан қорғайды.