COVID-19: Атырауда тағы 75 науқас
Атырау облысында өткен тәулікте 75 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 15-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 46 жұмысшыдан, Жылыой -7 Индер -2, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 309 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 96
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 39, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 779 адам ем қабылдауда.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.