Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам

Биыл қазақстандықтар қажылыққа бара алмайды

Сауд Арабиясы тек вакцинациядан өткен адамдарға кіруге рұқсат берді. Бірақ QazVac және «Спутник V», тіпті Hayat-Vax вакциналары бекітілген тізімге енбеген.

Қажылық барлық санитария нормалары мен шектеулерді сақтай отырып өтеді.

Әзірге қанша мұсылманға қажылыққа баруға мүмкіндік берілгені туралы нақты ақпарат жоқ. Белгілісі, Pfizer, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna препараттарын салған шетелдіктер ғана кіре алады.

Жағдайды қиындататын тағы бір нәрсе – ел билігі қажыларды тек тікелей рейстермен жеткізуді талап етті. Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ.

Айта кетейік, биыл қажылық 17 шілдеде басталады.

Араша. кз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button