Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атыраудағы №2 облыстық аурухана науқастарды қайта қабылдай бастады

«Облыстық №2 аурухананың инфекциялық стационары індеттің өршуіне байланысты науқастарды қайта қабылдай бастады», деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

8 сәуір күнгі мәлімет бойынша,  200 орынға есептелген модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында таңертең 190 науқас болған.

— Түсте тағы да толықты. Бүгінде аталған ауруханада 17 адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың алтауы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Қалған науқастардың жағдайы орташа ауыр, — делінген денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

aeb394be fe39 49d6 82d7 ebc93a482a26

№2 Облыстық аурухананың бас дәрігері Мағжан Сиджановтың айтуынша, бүгін инфекциялық стационарға 11 науқас жатқызылды. Аурухана барлығы 180 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 120 орын коронавирус жұқтырған науқастар үшін дайындалды.

— Қалған 60 орын түрлі инфекциялары бар науқастарға арналған. Жақын арада біз бұл науқастарды да басқа медициналық мекемелерге ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша аурухана коронавирустық науқастар үшін инфекциялық стационар режимінде жұмыс істейтін болады, — деді Мағжан Сиджанов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button