Атырауда тағы да санитарлық дәрігер ауысты
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Амантай Жұмағалиев Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды.
Амантай Жұмағалиев 1957 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын санитарлық дәрігер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Гурьев облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тағам гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі болып бастады.
1999-2000 жылдары Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық-гигиеналық бөлімінің меңгерушісі;
2000-2001 жылдары Атырау обаға қарсы күрес станциясының аса қауіпті инфекциялар зертханасының дәрігер бактериологі;
2001-.2001 жылдары Атырау обаға қарсы күрес станциясының эпидемиологиялық зертханасының меңгерушісі;
2001-.2003 жылдары Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігерінің орынбасары;
2003-.2005 жылдары Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқарма бастығының санитарлық-гигиеналық сұрақтары бойынша орынбасары;
.2005-2008 жылдары Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының санитарлық-гигиеналық сұрақтары бойынша орынбасары;
2008-2009 жылдары Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқарма бастығының санитарлық-гигиеналық сұрақтары бойынша орынбасары;
2009- 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті директорының орынбасары;
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары;
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары;