Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова алғаш болып коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

«Вакцина салу процесі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жүргізілген тікелей эфир барысында көрсетілді» деп хабарлайды Atr.kz

Екпе Атырау қалалық №3 емханада салынды.

Вакцина алғаннан кейін Бақытгүл Хаменова өзінің жағдайы туралы айтып, журналистерге сұхбат берді. «Вакцина алмас бұрын дене қызуым өлшенді. Екпе кабинетінен шыққаннан кейін дәрігердің бақылауында болдым. Жағдайым қалыпты. 21 күннен кейін вакцинаның екінші бөлігін аламын» деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

img 20210201 wa0009

Атырау облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алғандардың қатарында Атырау облысы  Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, Атырау облысы Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов, Атырау облыс­ы онкологиялық диспансердің  директоры  Эль­мира Сапарова, Атырау облыстық аурухана директоры Ербол Иманғалиев бар.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысына Ресей елінде өндірілген коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілгені хабарланған болатын. Қазіргі таңда облыс бойынша қала және аудандарда екпе салатын арнайы орындар жасақталды.

Атап өтер жайт, Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов хабарлағанындай, екі компонентті вакцина дозасы бүгінгі күні 26 доллар (11021,4 теңге) тұрады.

«Бұл – ресейлік вакцина. Жалпы алғанда, вакцинаның бағасы қай жерде шығарылатынына қарамастан, Ресейде немесе Қазақстанда осы деңгейде сақталады», — деген еді бас мемлекеттік санитар дәрігер.

Алгоритмге сәйкес, бір ампула бес адамға салынады.

Вакцина алу әр адамның өз еркі. Және ол емханаларда қазақстандықтарға тегін салынады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button