Атырауда мектеп оқушысынан қауіпті індет анықталды

whatsapp image 2021 09 10 at 10.27.36 COVID-19: Соңғы поштадан...

Жаңа оқу жылының алғашқы аптасында облыстағы мектеп оқушылары арасында коронавирус індеті анықталған жоқ. Алайда, карантиндік оқшаулау жағдайындағы ата-анасымен жақын қарым-қатынаста болған бір баланың ауру жұқтырғаны белгілі болып отыр. 

Індет жұқтырған бала бұған дейін мектепке қатынамағандықтан, ол сыныптастарымен байланыста болмаған. Сол себепті, сынып карантинге жабылмайды. Егер вирус мектептегі бір баладан анықталса оның сыныбы мен екпе алмаған ұстаздары қашықтан оқу жүйесіне көшіріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ирбатырова хабарлады. 

– Өңірде ауру жұқтыру көрсеткіші күрт төмендеп, эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Аурушаңдылықтың басым бөлігі Атырау қаласы мен Жылыой ауданында, оның ішінде Теңіз кенішінде тіркеліп отыр. Жазғы демалыста мектеп жасындағы оқушылар арасында 88 жағдай анықталды. Барлығы үй жағдайында ата-аналармен жақын қарым-қатынаста болған. Ал, қыркүйек айының 1-5 аралығында мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқпасының расталған 1 жағдайы тіркелді, – деді Гүлназ Абайқызы. 

Маманның айтуынша, құзырлы мекеме тарапынан мектептерге дезинфекциялық жұмыстар вирус анықталған жағдайда жүргізіледі. Ал, қазіргі уақытта әр мектеп аурудың алдын алу мақсатында тазалық жұмыстарын күшейткен. 

М.МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз