Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызы Теңіз жұмысшылары

Олардың арасында өзге өңірлерден келген азаматтар да бар.

Бұл туралы Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиология бөлімінің басшысы Әсел Мұқаеваның сөзіне сілтеме жасап Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

 Күнделікті ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта қауіпті індетке шалдыққандардың басым көпшілігі – Теңіз кенішінің жұмысшылары екені анықталып отыр. 

Әсел Мұқаеваның мәлімдеуінше, олардың саны коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызын құрайды. Жұмысшылардың басым бөлігінде қауіпті індет алдын ала тапсырылатын міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған. 

«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №57 қаулысына сәйкес, коронавирус анықталғаны туралы
 шұғыл хабарлама түскен бойда науқаспен 3 және 12 тәулікте жақын қарым-қатынаста болған адамдардан ПТР сынама алынады. Кейін олар 14 күнге үй карантиніне оқушауланады» — деді Әсел Мұқаева. 

Айта кетейік, карантинге оқшауланған адамда ауру симптомы пайда болса дереу дәрігерге хабарласқаны жөн. Әрі қарай жергілікті емханаға медициналық бақылау үшін жіберіледі.

 Науқастың жағдайы ауыр болса инфекциялық стационарға жатқызылады.

 Вирус анықталған ошаққа дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button