Атырауда дәрі-дәрмек қаншаға арзандайды?

whatsapp image 2020 07 09 at 20.13.56 COVID-19: Соңғы поштадан...

Бүгін Атырау облысында коронавирусты емдеу кезінде қолданылатын кейбір дәрі-дәрмек бағасын төмендетуді көздейтін құжатқа қол қойылды.

Қол қою рәсімі медициналық бетпелерді өндіру бойынша іске қосылған жаңа жергілікті зауыт базасында өтті. Құжатта нақтыланғандай, «Семейное здоровье» және «Социальная аптека» дәріханалар желісімен монополияға қарсы комплаенс, яғни, өзара келісім жасақталды.

  • Ковидке қарсы негізгі 300 дәрі-дәрмек арнайы тізімге енгізіліп отыр. Бұған қоса, аталған дәріхана басшылары алдағы уақытта басқа да бірқатар дәрілік заттың бағасын төмендетуге де келісті, – дейді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Диас Жәнібеков.

Айта кету керек, қазір еліміздің барлық аймағында коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған ПТР тестілеу мен медициналық бетперде бағалары айтарлықтай төмендеген.

Рупия ЖОЛЫМБЕТОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз