Атырауда бір тәулікте 97 адамнан коронавирус анықталды

«Оның ішінде, 54 науқас Атырау қаласынан анықталып отыр. Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасынан 24 инфекция жұқтырған адам анықталды» деп хабарлайды Atr.kz

Жылыой ауданында 4, Индер ауданында 4, Құрманғазы ауданында 6, Мақат ауданында 2 тұрғыннан коронавирус расталып отыр.

«31 науқаста инфекция симптомды түрде өтіп жатыр. Өткен тәулікте 32 адамнан коронавирустан сауығып шықты» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда вирустың симптомсыз түріне шалдыққан 1111 атыраулық үй жағдайында емделіп жатыр.

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты Атырау «қызыл аймақта» қалып отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

1 14
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз