Атырауда бір тәулікте 130 адамнан коронавирус індеті анықталды
Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 130 адам тіркелген, деп хабарлайды atr.kz
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Атырау қаласынан қауіпті індетті жұқтырған 99 жағдай тіркелсе, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнындағы 9 жұмысшыдан анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында 13, Исатай ауданында 1, Құрманғазыда 5, Мақат ауданында 2, Махамбет ауданында 1 адамнан табылған. Олардың ішінде 79 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 51-інде ауру белгілері жоқ.
Айта кетейік, өткен тәулікте облыста 591 адам коронавирустан емделіп шықты. 4171 адам үйде емделуде, 170 науқас модульдік ауруханада, 139 адам №2 облыстық ауруханада, 65-і фтизиопульманология орталығында, 34 кардиологиялық орталықта, 19 науқас теміржол ауруханасында және облыстық ауруханада — 12, жатақханада — 65, аудандық жұқпалы аурулар ауруханаларында — 167. Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар ауруханасында 188 адам ем алуда.
Инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.