Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырауда алғашқы 12 оқушы Pfizer вакцинасын алды

Өңірде балалар, жүкті әйелдер мен емізулі аналарды Pfizer вакцинасымен вакциналау басталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алғашқылардың бірі болып № 12 Ф. Досымова атындағы орта мектептің 10 және 11 сыныптың алты оқушысы алды. Олармен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова кездесті.

ac5196fc fe2f 4b97 bb45 9fab9831ff08
  • Өздеріңізге мәлім, республиканың барлық өңірлерінде балалар, жүкті әйелдер мен емізулі аналарды Pfizer вакцинасымен вакциналау басталды. ДДСҰ мақұлдаған 32 760 доза вакцина Атырау облысына жеткізілді. Бүгінде қоғамды коронавирус инфекциясынан қорғауға ниет білдірген мектеп оқушылары мен әйелдерді вакциналауды бастадық. Осы вакцинаның арқасында өңірде ұжымдық иммунитеттің қалыптасып, инфекция жұқтырған науқастардың саны азайғанын да атап өткен жөн, — деді Бақытгүл Хаменова.

Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша Геолог емханасында 12 адам Pfizer вакцинасын алды.

36cc0755 72d6 4fda a5dc 2b4d281acbb9

Немересін вакциналауға әкелген биология пәнінің мұғалімі Ольга Петрованың айтуынша, балалардың қауіпсіздігі ересектердің қолында.

  • Бүгін мен немереме вакцина ектіруге келдім. 1 ақпанда вакциналау басталды деген сәтте алғашқылардың бірі болып вакцина алғанмын. Биология пәнінің мұғалімі ретінде, екпенің маңызыдылығын білемін және оны атыраулықтар түсінсе деймін,- деді Ольга Петрова.

Мектептегі ата-аналардың өтініші бойынша 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар,
жүктіліктің 16-шы аптасынан бастап жүкті әйелдер, сондай-ақ емізулі аналар тұрғылықты жері бойынша емханадан Pfizer вакцинасын ала алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button