Атырау «жасыл аймақта»: Өткен тәулікте коронавирустан 95 адам емделіп шықты
Атырау облысында өткен тәулікте 49 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 10-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 32 жұмысшыдан, Құрманғазы-6, Махамбет ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 95 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 276 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 72 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 25, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 377 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл аймаққа» енді.