Атырау «қызыл аймақта»: Өткен тәулікте 73 адамда коронавирус анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 73 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 50 жұмысшыдан, Жылыой -3, Қызылқоға-1, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 16-ында ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 53 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 243 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 108
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 32, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 812 адам ем қабылдауда.
Айта кетейік, еліміз бойынша қауіпті індет жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты бүгін Атырау, Ақмола облыстары «қызыл аймақта» қалып отыр.