Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау «қызыл аймақта»: облыста өткен тәулікте 78 адамда коронавирус анықталды

«Атырау облысында өткен тәулікте 78 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды» деп хабарлайды Atr.kz

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 1-еуі  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 72 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 5  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында  ауру симптомды түрде өтуде.

COVID-19: Өткен тәулікте  Атырауда коронавирус инфекциясынан 135  адам  емделіп шықты.

«Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 248  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  97  науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 34 адам ем қабылдауда» ,  — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.  

Ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған  732 адам оқшауланып, дәрігер бақылауында.

  
 Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта»  қалып отыр. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button