Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау «қызыл аймақта»: бір тәулікте 154 адамнан коронавирус анықталды

«Атырауда 518 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 99 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 6 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында — 11, Индерде 7, Исатай ауданында — 7 Махамбет ауданында — 4, Қызылқоғада — 7, Құрманғазы ауданында — 11, Мақатта — 2 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 101 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 29 адам емделіп шықты.
Қазір 512 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 182,
№2 облыстық ауруханада -140, аудандық инфекциялық стационарларда – 119 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 52 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button