Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ шықты (толық нұсқасы)
Атырау облысының Бас мемлекеттік мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары жәнеоларды кезең-кезеңіменжеңілдету туралы» қаулысынаөзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы
Тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- 1 а тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«1а. Барлық меншік түріндегі ұйымдарға, кәсіпорындарға мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, орта және жоғары білім беру ұйымдарына:
— көпшілік іс-шаралар (ертеңгіліктер, мәдени, тәрбиелік, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салынсын;
— мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын;».
2) 6-тармақ пен 1,2-қосымша өзгертілсін, толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді осы қаулының2-қосымшасынасәйкес қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) рұқсат етілсін.
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етсін»;
3) 10-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«10. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Атамекен» ӨКП:
10.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық қолдауды, адамдардың, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданған шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді;
10.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері мен қала халқының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін».
4) 12-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, Атырау облысының Полиция департаменті, Атырау қаласы және аудандар әкімдері осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.».
5) Осы қаулы 2021 жылғы 10 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Атырау облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері М.Танауов
Атырау облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№24 қаулысына
1-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшем шарттары
№ | Объектілер/салалар **** | Жасыл аймақ |
1 | 2 | 3 |
Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)* | ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай | |
Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | + тәулік бойы | |
Жазғы алаңдар | + | |
Фуд-корттар | ü толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай | |
Банкет залдары** (ас беруді өткізу үшін) | ü бір адамға кемінде 4 ш. м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде | |
Банкет залдары** (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) | ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай | |
Сауналар, моншалар | + | |
СПА-орталықтар | + | |
Бассейндер | + | |
Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда | + | |
Мәдениет объектілері (дайындық) | ü 100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар | |
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар * | ü 50%-дан асырмай толтыру | |
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | + | |
Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар | + | |
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | + | |
Бильярд | ü 50%-дан асырмай толтыру | |
Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда | ü 60%-дан асырмай толтыру | |
Боулинг | ü 50%-дан асырмай толтыру | |
Караоке | ü 50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде | |
Океанариум | ü Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) | |
Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар) | жеңілдіксіз | |
Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары | ü бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | |
Алаңы 1000 ш.м-ді дейінгіні қоса алғанда болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | |
Алаңы 1000 ш.м-ден астам болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | |
Цирктер | ü 50%-дан артық емес толтырылған кезде | |
Отельдер, қонақ үйлер | + | |
Әуежайлар | + | |
Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері | + | |
ХҚО | + | |
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері | + | |
Базарлар (жабық) | + | |
Балаларды сауықтыру ұйымдары | + | |
Букмекерлік конторалар | ü бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | |
Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша) | + | |
Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал) | + |
«+» — қызметіне рұқсат етілген;
«ü« — қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» — қызметіне тыйым салынған;
* — толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** — банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** — «қоңыр-қызыл» аймақ — тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70% — дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);
**** – тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде-жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);
***** — облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.»;
Атырау облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№24 қаулысына
2-қосымша
«Жасыл мәртебесі» болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары
р/н | Объектілер/сала **** | Жасыл аймақ |
1 | 2 | 4 |
1. | Салтанатты, есте қаларлық, отбасылық іс-шараларды өткізу (банкет, үйлену тойлары, мерейтойлар) | ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай |
2. | Көптеген адамдар жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және басқа да іс-шаралар | ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай |
3. | Көрмелер | ü толтыру деңгейі 70%-дан көп емес, бірақ бір уақытта 500 келушілерден аспауы керек |
4. | Марафондар (ашық ауада) | ü 1000 адамнан асырмай |
5. | Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар | ü толтырылуын 80%-дан асырмай |
6. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) | ü толтырылуын 50 %-дан асырмай, |
7. | Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету) | ü толтырылуын 50%-дан асырмай, |
8. | Ойын клубтары (казино) | + |
9. | Сауда-ойын сауық орталықтары, сауда үйлері | + |