Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Медицина

Атырау облысында  балалар арасындағы инфекциялық аурудың таралуы 30 пайызға төмендеді

“Атырау облыстық №2 ауруханасында инфекция жұқтырғандар көптігінен орындар саны жетіспейтіні жөнінде Informburo.kz сайты таратқан ақпарат жалған”, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта аурухананың жансақтау бөлімінде қайтадан ауырып ауыр халде түскен пациенттер жоқ. 

— «31 арна» таратқан жаңалықтар сюжетіндегі оқиға — екі апта бұрынғы көрсеткіш. Дәл бүгінгі күні өңірдегі аурушаңдық деңгейі 30% — ға төмендеді,-делінген Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттанып ауруханаға түскен балалардың төсек орны 99,6% — дан 87% — ға дейін төмендеді. Аурухана кереуеттерінің басым бөлігі бос тұр.

-Облыс бойынша балаларға арналған «ЖРВИ» бөлімшесінде 270 төсек — орын, оның ішінде Атырау облыстық №2 ауруханасында балаларға лайықталған 85 төсек-орны бар. (65 жұқпалы және 20 пульмонологиялық).

Бұдан басқа, ЖРВИ бөлімшесінде резервке  дайындалған 60 төсек-орын тағы бар,-деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button