Атырау облысында бір тәулікте 16 адам Covid-19 жұқтырған

196793ac c7f5 4fe6 aade c78b2d17d475 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 16 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 12 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 8 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 51 адам емделді.

Қазір 141 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 87, екінші облыстық ауруханада – 2 пациент,

аудандық инфекциялық стационарларда – 21. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 32 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз