
Атырау облысында бір тәулікте 16 адам Covid-19 жұқтырған
Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 16 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 12 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 8 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 51 адам емделді.
Қазір 141 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 87, екінші облыстық ауруханада – 2 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда — 21. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 32 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.