АМӨЗ қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе алды

06772f88 2a5b 420d a6b9 80e94d5f75dd COVID-19: Соңғы поштадан...

«Медикер-Жайық» ЖШС клиникасы ерікті  түрде екпе алуға келген зауыт қызметкерлері үшін  арнайы алаң дайындады. Қазіргі уақытта зауыттың 130 қызметкері екпе салдырды.

Екпе алмас бұрын  дәрігер-терапевт барлық қызметкерлердің дене қызуын, қан қысымын, қандағы оттегінің деңгейін өлшей отырып,тексерістен өткізді. Сонымен қатар, қызметкерлердің медициналық карталарын мұқият зерттеп, созылмалы аурулар мен аллергиялық реакциялардың болу мүмкіндігін  анықтады.

Вакцинация эпидемияға қарсы барлық талаптарды сақтай отырып, ресейлік «Спутник V» препаратымен екі кезеңде жүргізілуде.

Зауыт жанындағы «Медикер» ЖШС медициналық орталығының меңгерушісі Галина Аубакированың айтуынша, екпе алған адамдар инфекциядан жақсы қорғалған және  вирус таратушы болып есептелмейді. Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің қызметін қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік береді.

Өзін және жақындарын вирустан қорғауға шешім қабылдаған алғашқы қызметкерлердің қатарында еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бөлімінің бастығы Гүлнар Достанова бар. «Дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін. Мен вакцинацияны пандемиямен күрестегі маңызды қадам деп санағандықтан алдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын» – дейді ол.

Айта кетейік, өткен жылдан бастап кәсіпорында қатаң бетперде режимі сақталып, аумақтағы жұмысшылардың қозғалысы шектелді. Қызметкерлер мекемеге кірер уақытта жоғары дәлдіктегі температураны бақылау жүйесімен тексеріледі. Сонымен қатар күн сайын барлық бөлмелер антисептиктермен өңделеді.

Зауыт өз қызметкерлерінің саулығына аса мән береді және вакцинация қызметкерлердің денсаулығын қорғау жүйесінің маңызды буыны болып табылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз