Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

83 науқастың жағдайы ауыр: Атырауда бір тәулікте 618 адам коронавирус жұқтырды

«Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр» деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 618 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 423 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 65 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 58 науқас, Индер ауданында — 15, Исатайда — 16, Қызылқоға ауданында — 11, Құрманғазы ауданында — 16, Мақат ауданында — 6, Махамбет ауданында — 8 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 380 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 238 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 284 адам емделді.

Қазір 6 428 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 180, екінші облыстық ауруханада – 195 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 96, кардиоорталықта — 98, т/ж ауруханасында — 106 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда — 395, облыстық ауруханада — 121, жатақханада — 124, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 410 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қою қызыл» аймақта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button