60 жастағы исатайлық тұрғын коронавирустан емделіп шықты

whatsapp image 2021 09 16 at 11.26.37 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Фария Батырбаева модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 2 айдан астам уақыт ем қабылдаған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • Науқастың жансақтау бөліміне түскен кездегі жағдайы өте ауыр, сатурациясы (қан құрамындағы оттегі ) өте төмен еді. Оған қоса демікпе пайда болды. Кезекші инфекционист және реаниматолог мамандардың бақылауында болып, науқастың хал-жағдайы мен денсаулығы ескеріліп, толығымен тиісті ем-шаралары көрсетілді. 1 ай жансақтау бөлімінде ем қабылдағаннан кейін, жағдайы жақсарып палатаға ауыстырылды, – деді резидент-реаниматолог Дархан Жақсылық.

Емдеуші дәрігерінің айтуынша, 15 қыркүйек күні Фария Батырбаева ауруханадан үйіне шығарылды. Жағдайы жақсы. Науқастың жағдайы участкелік дәрігердің бақылауында болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз