5 қаңтардан бастап «көк» белгімен кіруге шектеу енгізіледі

f5f43b73 b7ce 4999 b6ea d615648235b8 COVID-19: Соңғы поштадан...

Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша шаралар қабылдау туралы ұсынысын мақұлдады.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.

Отырыс барысында елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты, бірақ «омикрон» штаммы бір ай ішінде әлемнің 110 елінде анықталғаны баса айтылды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, оның адамнан адамға берілу жылдамдығы «дельта» нұсқасынан бес есе жоғары.

Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша шаралар қабылдау жөніндегі ұсынысы мақұлданды. Атап айтқанда, 5 қаңтардан бастап СОО-ға, сауда үйлері мен караокеге «жасыл» мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз