
32 науқас: АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР КҮРТ АЗАЙДЫ
Атырау облысында бір тәулікте 32 адам COVID-19 жұқтырған.
Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың
төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 32 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 19 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. Ал, 6 — Жылыой ауданында, 1 — Индер ауданында, 0 — Исатай ауданында, 1 — Қызылқоға ауданында, 2 науқас Құрманғазы ауданында анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 20 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 12 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 496 адам емделді.
Қазір 3 248 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада — 16, модульдік ауруханада — 109 фтизиопульманологиялық орталықта — 49 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда — 48. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.