110 науқас ауыр жағдайда: Атырауда бір тәулікте 300 адам коронавирус жұқтырды
Атырау облысында аурушаңдық азайып келеді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 300 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 162 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 48 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 39 науқас, Индер ауданында — 12, Исатайда — 8, Қызылқоға ауданында — 13, Құрманғазы ауданында- 9, Мақат ауданында — 2, Махамбет ауданында — 7 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 89 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 211 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 482 адам емделді.
Қазір 8 480 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 176, екінші облыстық ауруханада – 195 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 75, кардиоорталықта — 100,
т/ж ауруханасында — 102 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда — 372, облыстық ауруханада — 197, жатақханада — 145, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 437 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.