COVID-19: 8 мыңнан аса атыраулық екпе алды

6740c2abff23aa7676d9b7c633136e41 COVID-19: Соңғы поштадан...

10 сәуірдегі көрсеткішке сүйенсек, коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасын 8152 атыраулық алған.

Олардың 383-і жүкті, 3239-ы бала емізетін әйел, сондай-ақ, 4192-сі 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Айта кету керек, жүкті және бала емізетін әйелдер өздерінің, ал, жасөспірімдер заңды өкілдерінің рұқсатымен ғана егіле алады.

Жалпы, барлығы 9 197 535 қазақстандық КВИ-ге қарсы екпе алған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз