ПРОКУРОР ШАҒЫМДЫ БЕЙНЕ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ТЫҢДАДЫ

Арыз-шағымын айта келген адамдардың бір тобын жуырда облыс прокурорының орынбасары Серік Шалабаев қабылдады. Оның бір ерекшелігі, екі арадағы әңгіме тікелей бейнебайланыс жүйесі арқылы жүзеге асты.
Қабылдауға келгендердің баяндаған мәселелері әртүрлі еді. Түйінді тарқатып беруді сұрағандардың ішінде мемлекеттік орындардың өкілдері де бар болатын. Мысалы, Исатай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы О.Шакесова шаруашылық құрылымдарын тексеруге қатысты сауал қойды. Соның ішінде шешімін таппаған жағдай мынадай: меншік нысанына тексеру туралы алдын ала ескертіледі. Алайда, барғандарында оның иесі өзгеріп кететін кезі жиі екен. Осы тұста заң қалай қолданылады? Сұрақтың жауабы ретінде прокурордың орынбасары мәселе бойынша ҚР Бас прокуратурасына ұсыныс беретіндігін айтты. Соның нәтижесімен, түйінді тарқатуға мүмкіндік бар. Ал, Исатай ауданы, Аққыстау селосының тұрғыны Т.Күпбергеновті жер мәселесі толғандырады. Ол жер телімін (жер тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген) мемлекет меншігіне алу туралы азаматтық іс бойынша заңды шешім қабылдауға ықпал етуді өтінді. Соған орай қабылдаушыға прокуратура өкілі мәселенің мән-жайын айтып, азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарын түсіндіріп берді.


Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз